Әдістемелік кабинет

Рассмотренных обращений: 53
Не рассмотренных обращений: 0

Всего по району:

Рассмотренных обращений: 53
Не рассмотренных обращений: 0

Рассмотренных за сегодня: 0

В гостях у тружеников полей
Автор: Абишева С.Б.

Қолданбалы курстардың ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 Қолданбалы курстардың

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

 

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде    2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

 

 

Жалпы білім беретін мектептің қолданбалы курстардың оқу бағдарламалары.  – Астана, 2013. – 24 б

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің

9-11сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасы

 

1. Түсінік хат

 

1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.

2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

4, Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған. 

5. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

7. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

 7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

8) Курс жүктемесінің көлемі:

1)  9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

2)  10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

3)  11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

2. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

9. Кіріспе. Адамзаттың Абайы-1сағат.  Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.     

10. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауын оқытуға - 10 сағат бөлінген:

1) Абайдың өмірі -2сағат, ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;                                                                                          

2) ақынның халық даналығын тануы-1сағат, Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;

3) Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар -1сағат, Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс  мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар;  

4) Абай және орыс әдебиеті-1сағат, Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;

5) Абай және Пушкин -2сағат,  Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;

6) Абай және батыс әдебиеті -2сағат, Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы, Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;

7) Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы -1сағат, Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.

11. «М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген:

1) Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы -2сағат, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;

2) М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері -1сағат, Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер;

3) ақын шығармаларының басылымдары-1сағат, ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.

12. «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауын оқытуға -10 сағат бөлінген:

1) «Ғылымға көңіл берсеңіз» -5сағат, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;                                                                                                           

2) «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;

3) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың  ғылыми ой-пікір қорытуы;

 4) «Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;   

5) «Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;

  «Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы;

6) Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - 5сағат, Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және  даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;

7) «Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;

8) «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;  

9) «Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы,  адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;

10) «Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

11)    «Отызыншы»  қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.

13. «Абай танымындағы ән мен күй» тарауын оқытуға  - 4 сағат бөлінген:

1) Абай әндерінің таралуы-1сағат, ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар;

2)  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» -3сағат, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам  қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.

14. Поэмаларын оқытуға - 2 сағат бөлінген:

1) «Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі. 

15. Қорытындылауға - 1 сағат бөлінген.

 

 

3. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

16. 10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады.

17. Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла-1сағат, Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі.

18. «Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауын оқытуға -2 сағат бөлінген:

1)  абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.

19. «Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын оқытуға -6 сағат  бөлінген: 

1)  ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіндігі, Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат-қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер турасындағы ой тұжырымдары;

2) «Талапты ерге нұр жауар» -2 сағат, отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас  ұғымдары жөніндегі танымы.

3) «Еңбек етсең ерінбей» -1 сағат, отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы;

4) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі-2 сағат, өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі,  аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;

5) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі- 1 сағат, поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі.

20. «Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауын оқытуға - 7 сағат бөлінген:

1) Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі;

2) Табиғат лирикасы-3сағат, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі.

3) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі,

4)  «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні;

5) Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам - 2 сағат, отыз жетінші қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі;

6) «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі-2 сағат, ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні;

7)«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңіндегі ақынның  жас  ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі.   

21. «Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауын оқытуға - 6 сағат бөлінген:

  1) Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі;

 2) «Би екеу болса, дау төртеу болады» -2 сағат, үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы, үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы, ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы;

3) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі-4 сағат, өлеңнің идеялық мәні, Абайдың қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттер жайындағы ойлары, алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі;

4)  «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінде Абайдың сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі, еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы, ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы, өлеңдегі түйінді ой;

5) «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңіндегі ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, ақынның қосанжар өмір құбылысын салыстыруы, ақынның айтқалы отырған негізгі ойы;

6) «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы, ой қуып, ақылға еру хақында, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігі, әлеуметтік өмірдің шынайы суреттері, адамгершілік, әділеттілік мәселелері. 

22. Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға - 4 сағат бөлінген:

1) ақын сынының негізгі объектісі мен тақырыбы, Абайдың өз заманындағы қоғамдық қайшылықтарды, ел билеу жүйесін, ұлық, болыс, би, т.б. пысықтардың жемқорлық айла-амалдарын әшкерелеу шеберлігі;

2)  «Улы сия, ащы тіл»-1 сағат, он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық ұғым-түсініктері, жағымсыз мінез, қылықтарды сынауы, ұлықтардың қарапайым жұртты алдап, ел ішіндегі бұзақыларды тыймауының салдары неге әкеліп соқтыратыны жайында айтқан пікірлері;

3)  «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;

4) «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінде пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңын айтуы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі;

5) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңіндегі  адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы. 

23. Абайдың аудармаларын оқытуға - 2 сағат бөлінген:

1) Абайдың  Лермонтовтан аударған  «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.

24. Поэмаларын оқытуға - 3 сағат бөлінген:

1) «Масғұт» поэмасы-2 сағат, поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні;

2) «Әзім әңгімесі» дастаны-1 сағат, «Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі. 

25. Қорытынды сабаққа - 1 сағат бөлінген.

 

 

4. Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны

 

26. Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік-1сағат. Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі.

27. Қазіргі абайтану мәселелерін оқытуға - 1 сағат бөлінген:

1) абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары.

28. «Білімдіден шыққан сөз» тарауын оқытуға - 2 сағат бөлінген:

1)  Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы;

2) «Өзіңнен өзің есеп ал» , он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы;

3)  Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары  турасындағы ойлары.

  29. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқытуға - 7 сағат бөлінген:

  1) үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақынның тұтас халыққа арнап айтқан үндеуі;

  2) «Осы мен өзім – қазақпын» -1 сағат, тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидалары;

  3) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі-1 сағат, өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы;

4) «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі -1 сағат, қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама, үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері, адамға тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі;

5) «Бөтен елде бар болса» өлеңінде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас араздық, бақастық көріністерін сынауы, «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық сипаттағы ой тұжырымы; 

6) «Сегіз аяқ» өлеңі-2 сағат, Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары;

7)  «Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңіндегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді, опасыз, сатқын жандарды шенеуі, адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі; 

8) «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі -1сағат, Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы;

9) Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы, қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні.

30. «Абай – сатирик» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген:

1) «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын, психологиясын  бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін  әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм;

2) «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңіндегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары, дүмше молдаларды сынап-мінеуі, ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы;

3) «Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері, ұлттың бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған ақынның қамығып, қынжылуы, ақынның қоғамдағы қайшылықтарға сыни көзқарасы, өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы, ақынның надандық пен қараңғылыққа қарсылық білдірген  жан айқайы;

4) «Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы, ел ішін дендеп кеткен өсек, өтірік, ұрлық, пәлеқор-жалақорларды «улы сия, ащы тілмен» шенеуі, ақынның  туған елінің тоқыраған тағдырына кейіген кекті үні;

5) қырық бірінші қарасөзіндегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керектігі туралы пікірлері, адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы.

31.  «Махаббатсыз дүние бос» тарауын оқытуға - 4 сағат  бөлінген:

1) Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары;

2)  «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары;

3) «Сен мені не етесің» өлеңіндегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы түйінді ойлары мен пікірлері, өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі; 

4) «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы;

5) «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты лирикалық өлеңіндегі қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті, сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты;

6)  «Қызарып, сұрланып» өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі.

32. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауын оқытуға - 7 сағат бөлінген:

1)  ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану  туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы;

2) Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай - 2 сағат, Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы, «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін қамтитыны, «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы, Жәуанмәртілік –адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде;

3)  Абайдың «Толық адам» философиясы -1 сағат, Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы, өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі, толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі, адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі, Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері;

        4) Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі-2 сағат, «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы, наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы, Абайдың исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы, абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен іргелі ғылыми еңбектер;

        5) «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы ой-толғанысы, жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы;

        6) жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі;

         7) отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Адам хақында, Алла тағала болмысы, ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы, пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер турасындағы  ой толғамдары;

        8) қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері, жан қуатының үш элементі жайындағы философиялық көзқарастары, ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы көрінісі, ішкі-сыртқы сезім түйсіктері, ақын Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа айналдырып, хауас ретінде тануы;

        9) «Осы үш сүю болады имани гүл» -2 сағат,  Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету,  ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы, Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы.

33. «Қазақтың бас ақыны» тарауын оқытуға - 5 сағат бөлінген:

1) Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы борыш, қасиетті парыз, А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны;

2) Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы-2 сағат, Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы; 

3) Абайдың ақындық мектебі -2 сағат, Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі, Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен байыптаулар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі, Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында;

4) Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар -1 сағат, ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.

34. Қорытынды сабаққа - 1 сағат бөлінген.

5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

35. 9-сыныптың соңында оқушылар:

1) абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;

2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі;

3) ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі;

4) ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге;

5) ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;

6) абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;

7) ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі;

8) ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;

9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі;

10) ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;

11) поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі;

12) ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс.

36. Оқушылардың «Абайтану» курсы бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:

1) ақын шығармаларын жазудағы суреткерлік шеберліктерін білуі;

2) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларының тақырыптық  және идеялық көркемдік негіздерін, мән-мағынасын талдап, суреткерлік шеберліктерін айқындай білуі;

3) ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білуі;

4) Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі;

5) өлеңдері мен қарасөздерінің арасындағы өзара үндестікті түсіне білуі;

6) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларындағы авторлық ұстанымдардың маңызын көрсете білуі тиіс.

37. 10-11-сыныптардың соңында оқушылар:

1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;

2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;

3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және  сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;

5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;

6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;

7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:

8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;

9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;

10) абайтану  бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;

11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;

12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;

13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.

38. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген          білімдерінің нәтижелері:

1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;

2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;

3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;

4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;

5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.

 39.Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1)  Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай  «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов  «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»  Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;

22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

25) Республикалық «Абай» журналы. 

 

 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбы үшін

«Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы» пәнінен

оқу бағдарламасы

 

1. Түсінік хат

 

1.  Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауындағы:«Тәрбиенің құрамдасы – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуызаңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», - деген ұстанымдарын ескере отырып, әзірленді.

2.  Елдiң табысты дамуының басты шарты – iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз ету, әрі қалыптасқан этникалық қауымдастықтардың терең тарихы негізінде этносаралық қатынастар мәдениетiн арттыру болып табылады.

3.  Арнайы курс бағдарламасы жастарымызға тәрбие берудегі басты бағыттардың бірі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуды қарастырады. Бағдарламаның болашақ ұрпақты толерантты әрі өзге этностардың құндылықтарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеудегі маңызы зор.

4.  Пәнді оқыту мақсаты:

         оқушыларға Қазақстанның көпэтносты қоғам ретінде қалыптасу тарихын белгілі заңдылықтар мен тарихи үдерістер негізінде таныстыру. Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің  маңызды жолдары мен шарттарын түсіндіру.

5.  Оқыту міндеттері:

1)  этнос ұғымының адам өміріндегі рөлін, оның басты белгілері мен қызметтерін көрсету;

2)  Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру;

3)  этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихын кезеңдер арқылы ашып көрсету;

4)  этностардың бай этникалық тарихы, мәдениеті және олардың қоғам өмірін ұйымдастырудағы қызметтерімен таныстыру;

5)  көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау.

6.  Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы этностар өмірінің  әртүрлі сатыдағы даму деңгейінің барлық қырларын қарастыратындықтан,  пәнаралық байланыстар орната білудің мүмкіндігі өте мол. Пәнаралық байланыс белгілі бір этносқа ортақ фактілер, деректер, түсініктер мен идеялар бойынша жүргізіліп, оқушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Курс тақырыптарына байланысты пәндер тізімінен тек тарих, әдебиет сияқты гуманитарлық пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді де көруге болады.

7.  Оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта аптасына 1сағат, оқу жылында – 34 сағат.

 

 

 

2. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

8.  Курстың білім мазмұны төмендегідей тарауларды қамтиды:

9.  Кіріспе: пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері, өзектілігі. Қазақстан халқы, оның күрделі этникалық құрамы. Қазақ этносының ұлт құру және мемлекет құру әлеуеті. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласында ұстанатын саясаты (1 сағат).

10.  «Этнос әлемі» (3 сағат):

1) Этнос ұғымы: этнос ұғымының мәні. Негізгі түсініктер: этникалық тарих, ұлттық мемлекет, унитарлық мемлекет, федерация, титулдық этнос, көпэтностық қоғам, этносаралық коммуникация, диаспора, интеграция, ассимиляция, консолидация (1 сағат);

2) Жер – этностар мекені: алғашқы этникалық бірлестіктердің пайда болуы (антропогенез, расогенез және этногенез). Этностардың қалыптасуына ықпал ететін түрлі факторлар (тарихи, географиялық, саяси, мәдени). Ірі миграциялық үдерістердің жер шарының этникалық бет-бейнесінің қалыптасуына тигізген әсері (1 сағат);

3) Қазіргі замандағы этникалық қарым-қатынастар: Жер бетін мекендеген этностарды тілдік, антропологиялық, шаруашылық, діни ерекшеліктері бойынша жүйелеу. Қазіргі әлемдегі этностардың өзара қарым-қатынастары және негізгі үдерістері (1 сағат).

11.  «Көне және ортағасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» (3 сағат):

1) Қазақстанның этникалық тарихы: Қазақстан этно-саяси бірлестік-терінің әлем этностарымен қарым-қатынасы тарихынан. Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың өзара этногенетикалық және мәдени сабақтастығы (1 сағат);

2) Қазақтардың өзге халықтармен қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі: Қазақ мемлекетінің саяси-дипломатиялық мәдени байланыстары. Қазақ одағына кірген өзге этникалық топтар мен ұлыстар және олардың қоғамға интеграциялануының механизмдері (кірме, ру құрамына ену, төлеңгіттер институты, шалақазақтар). Тамыр болу, қонақжайлылық дәстүрі (1 сағат);

3) Қазақ халқының мәдениеті. Дәстүрлі рухани және материалдық мәдениет – ұлттық сана-сезімді қалыптастырушы фактор. Ұлттық стереотиптер (1 сағат).

12.  «Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы» (13 сағат):

1) Өзге этнос өкілдерінің Қазақстанға қоныстануының алғашқы кезеңі: ХVІІІ ғасырдың орта шеніндегі Қазақ хандығының этникалық территориясы мен халқы. Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы (1 сағат);

2) ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформалары және этникалық құрамдағы өзгерістер: ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформаларының қазақ қоғамындағы этносаралық қатынастарға тигізген әсері. Казак-орыстардың жергілікті халықтармен мәдени-тұрмыстық байланыстары. Шаруашылықтағы өзара байланыстар. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің үлгілерін қабылдауы. Жайық, Орынбор, Сібір, Жетісу казак-орыстары қоныстарының қалыптасуы. Отырықшы қоныстардың пайда болуы (1 сағат);

3) XIX  ғ. этникалық құрамның күрделенуі: Қазақстанды крестьяндық (қарашекпен) отарлаудың кезеңдері. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақ жеріне қоныс аударуы. Жергілікті халықтармен мәдени тұрмыстық байланыстары. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің отырықшы мәдениет үлгілерін қабылдауы (1 сағат);

4) Қазақ жеріндегі этносаралық қарым-қатынас ХІХ ғасырдың зиялы қауымының назарында: А.И.Левшин, Т.Г.Шевченко, Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, С.Бабаджанов, В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Н.И.Ядринцев, В.К.Фон Герн, И.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.-Ж.Көпейұлы, т.б. қазақ жерін мекендеген этностардың мәдени ерекшеліктері және қарым-қатынастары жөнінде (1 сағат);

5) Алаш зиялыларының этносаралық қатынастарға қатысты ұстанымы: Алаш бағдарламасындағы ұлыс және ұлт саясатының көріністері. Алашорда үкіметінің мемлекет құру және этносаралық мәселелерді шешу үшін жүргізген күресі (1 сағат);

6)  Кеңес үкіметінің орнауы: 1920-1930 жылдардағы саяси-қоғамдық және демографиялық ахуал. КСРО құрамында Қазақ республикасының құрылуы және территорияның межеленуі. 1921-1922, 1932 жылғы аштық. 1929 жылғы переселен басқармасының құрылуы. Демографиялық жағдайдағы өзгерістер (2 сағат);

7)  Қазақстан – үлкен  депортациялық лагерь: 1930-1950 жылдардағы тұтас халықтарды елімізге жер аудару тарихынан. Олардың көрген қиыншылықтары мен жаңа жерге орнығуы. Лагерьде азап шеккендер. Қазақ халқы тарапынан қамқорлық (2 сағат);

8)  Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі этникалық үдерістер: Тың игеру науқаны кезінде республикаға келген халықтар. Демографиялық жағдайдың күрт өзгеруі (2 сағат);

9)  Кеңес үкіметінің ХХ ғасырдың 2-ші жартысында республикада жүргізген ұлттық саясаты: білім беру, мәдениет салаларындағы саясат. «Халықтар достастығы зертханасы» идеясы. Қазақ тілінің жағдайы.  Қазақстандағы кіші этностардың жағдайы (1 сағат);

10)  Қазақстан – егеменді мемлекет: КСРО-ның ыдырауы. КСРО-ның ұлттық саясатының дағдарысы. Қазақстанның егемендік алуы. Алғашқы декларация мен тәуелсіздік туралы заң (1 сағат).

13.  «Тәуелсіз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі» (6 сағат):

1)  Егеменді еліміздің ұлттық саясаттағы алғашқы қадамдары: отарлық жағдайдан шынайы тәуелсіздікке өту үдерісі. Ата заң. Қазақстанды мекендеген этностар мен этникалық топтардың арасында жаңа қатынастардың қалыптасу тарихы. Қазақстанның  мемлекеттік және ұлттық рәміз-нышандары (1 сағат);

2)  Қазақ ұлты өзге этникалық топтардың ұйтқысы ретінде: мемлекет және ұлт құрушы қазақ этносы. Мемлекет және тіл саясаты, қазақ мәдениетінің көпэтностыортадағы орны мен қызметі, қазақ халқының саяси-демографиялық ахуалы (1 сағат);

3)  Қазақстанды мекендеген этникалық топтар және олардың қоғамдық-саяси өмірде алатын орны: орыс, өзбек, украин, ұйғыр, кәріс, татар, башқұрт этномәдени қауымдастықтары. Қазақстандағы этносаралық үйлесім, өзге этникалық топтар мен этнос өкілдері туралы ақпарат және  демографиялық жағдай. Қазақстанды мекендеген этностардың материалдық ескерткіштері. Қазақ жерін мекендеген этностардың дәстүрлі өнері, ерекше мерекелері (2 сағат);

4)  Қазақстан – этнос және конфессияаралық татулықтың жаңа үлгісі. Қазақстандағы діни конфессиялар мен топтар. Олардың қоғамдық өмірдегі орны. Түрлі этностар мен конфессиялардың арасында үйлесім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған Қазақстан тәжірибесі. Әлемдік дін өкілдерінің бас қосулары (2 сағат).

14.  «Қазақстан халқының ортақ салт-дәстүрлері мен мерекелері» (3 сағат):

1) 1 мамыр – Қазақстан халқының достығы мен татулығы мерекесі: Мерекенің маңызы, өткізілу барысы, көріністер. Қазақстанды мекендеген этностардың бейбітшілікті, бірлікті, татулықты дәріптейтін рухани қазыналары мен құндылықтары (1 сағат);

2) Қазақстан халқының діни-конфессиялық мерекелері: Мұсылмандардың ораза-айт және құрбан айт, христиандардың  рождество, т.б. мерекелері (1 сағат);

3) Наурыз – Қазақстан этностары үшін шынайы жаңғыру мерекесі: Наурыз мерекесінің тарихи бастаулары мен аңыздар. Наурыздың салт-дәстүрлері. Наурыз – табиғат пен адам баласының болашаққа деген үміті (1 сағат).

15.  «Қазақстан халқының ассамблеясы және этносаралық қатынастар» (4 сағат):

1) Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы. Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы – ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық білім. Этномәдени орталықтардың ашылуы (2 сағат);

2) Қазақстан Республикасының ұлттық доктринасы және этностардың өзара ықпалдастығының артуы.Қабылдану қажеттілігі. Негізгі қағидалары (1 сағат);

3) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақтылық пен татулықты сақтаудағы рөлі. Елбасының этносаралық келісімді нығайту жолындағы саясаты. Этносаралық қатынастар туралыЕлбасының сөздері мен шығармаларындағы ойлары
(1 сағат).

16.  Қорытынды қайталау (1 сағат).

 

 

3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

17.  Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:

1) этнос ұғымының адам өміріндегі орнын, оның басты белгілері мен қызметтерін;

2)       Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін;

3)    этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихының негізгі кезеңдерін;

4)  этностардың этникалық тарихы мен Қазақстан аумағына қоныс аудару себептерін;

5)  этностар этнографиясы  мен олардың қоғам өмірін ұйымдастырудағы қызметтерін;

6)  көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін білуі тиіс;

7)  этносаралық қатынастардың қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі рөлін;

8)  Қазақстан этностары тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін;

9)  Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтарын;

10)  этнос өміріндегі мәдениеттің рөлін анықтауды;

11)  салт-дәстүрдің жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуындағы орнын талдауды;

12)  діннің қоғамның мәдени және рухани дамуындағы рөліне баға беруді;

13)  оқытылатын тақырыпқа байланысты толық жоспар құруды;

14)  тарихи құжаттармен өздік жұмыс жасауды;

15)  этникалық топтарға, маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға өзіндік сипаттама беруді;

16)  алған білімін жаңа жағдайға көшіре білуді;

17)  өткен материалдар бойынша жеке пікірін айта алуды және дәйектер негізінде өз көзқарасын қорғай алуды;

18)  баяндама мен хабарламалар жасауды;

19)  жекелеген тақырыптар бойынша тест жасауды;

20)  тест тапсырмаларын орындауды;

21)  қосымша мәліметтерді өз алдына іздестіруді меңгеруі тиіс.

18. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

1)  азаматтық, этникалық, мәдени сәйкестілігі мен патриотизмнің қалыптасуынан, өз халқы мен өзге этностарға деген құрметі, көпэтносты өз Отанының кешегі тарихы мен бүгінгі күніне мақтанышпен және келешегіне зор сеніммен қарауынан;

2)  Қазақстан қоғамының белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде жалпы адамзатқа тән гуманитарлық және демократиялық, дәстүрлі ұлттық құндылықтарды саналы түрде қабылдап, өз Отанының алдында жауапкершілігін сезінуінен;

3)  қазіргі заманғы қоғамдық құбылыстардың мәні мен көпэтникалық және көпконфессиялы әлемдегі өмірді түсіну үшін тарихи білімді қолдану дағдыларынан;

4)  Қазақстан этностарының  тарихи мұрасына деген құрмет, еліміздің  көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамында тарихи қалыптасқан толеранттылық дәстүрлерін қабылдап, одан әрі жалғастырудан көрініс табуы тиіс.

19. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша:

1)  оқушының өз көзқарасы негізінде кезкелген жорамалдың өмірсүруге құқы барын дәлелдей алуы;

2)  Қазақстан тарихы, сонымен қатар өзге де гуманитарлық пәндерден жинақтаған білімдерін қолдана білуі;

3)  тарихи және этнографиялық деректерді зерделеуде, тарихи оқиғалардың нұсқалары мен бағалауларын салыстырмалы тәсіл негізінде әртүрлі сабақ түрлерін;

4)  оқытудың бірнеше әдістерін қолдану арқылы көтеріліп отырған мәселелерге байланысты әртүрлі көзқарастарды талдай білуді;

5)  белгілі бір этносқа тән толассыз тарихи уақиғаларды баяндау арқылы мәселелік оқыту әдістерін;

6)  оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру, жеке тұлға есебіндегі қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өзіндік жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы ретінде жүзеге асыруда;

7)   тарихи құжаттарды тарихи сюжеттердің мысалы ретінде ғана қолданбай,тарихи танымды қалыптастыратын негізгі білім обьектісі деңгейіне жеткізудің;

8)  тарихи құжаттар, анықтамалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, оларды талқылау мен талдауға үйрететін әдістерді қолдануы тиіс.

 



Вложенные файлы:
Koldanbaly-kurstar-kaz.rar

Просмотров: 3903
Дата создания: 12.09.2013
Дата редактирования: 12.09.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource